АҚШ тағы да Иранға қарсы санкция жариялады
АҚШ өзінің ИИР-ға қарсы дұшпандық әрекеттерінің жалғасында алты ирандық ұйымға қарсы санкция жариялады.
АҚШ Қаржы министрлігі жұма күні кешке толығымен ғылыми-зерттеу мақсатында жасалған "Simorgh зымыран-тасығышын сынақтан өткізуді сылтауратып, алты ирандық ұйымды санкциялар тізіміне қосты.
АҚШ Қаржы министрлігі мәлімдеме жариялап: "АҚШ территориясында бұл алты ирандық ұйымның мал-мүлкі мен активтері бұғатталып, америкалықтар мен шетелдік қаржы мекемелеріне олармен қатынас құруға тыйым салынады",- деп хабарлады.
Қазіргі таңда АҚШ пен дамыған технологияларды монополиядан шығармауды көздейтін еуропалық одақтастары, атап айтқанда Ұлыбритания, Франция мен Германия, жұма күні кешке мәлімдеме жариялап, Иранның зымыран-тасығышты сынақтан өткізуін айыптап, бұл әрекетті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы деп атады.