Пәкістанда АҚШ пен сионистік режимге қарсы шеру өтті
Мыңдаған пәкістандық америкалықтар мен сионистерге қарсы шеру өткізіп, сионистік режимнің басқыншылықтары мен қылмыстарының алдында Палестина халқын қолдады.
Пәкістандағы Синд штатының орталығы Карачи қаласында жұма намазынан кейін америкалықтар мен сионистерге қарсы шеру өтті. Пәкістандық шерушілер «Америка мен Израильге өлім!» деп ұрандатып, АҚШ пен сионистік режимнің туларын өртеді. Сондай-ақ, шерушілер АҚШ-тың сионистік режимге Палестинаның мазлұм халқын басып-жаншу мен қырып-жою жолындағы басқыншылықтарына қаржылай және әскери қолдау көрсетуін айыптап, халықаралық қауымдастықтан, соның ішінде БҰҰ мен Ислам ынтымақтастық ұйымынан сионистік режимнің басып алынған Палестина жеріндегі қылмыстарын тоқтатуды сұрады.