Германия АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларына алаңдаушылық білдірді
Германия үкіметі АҚШ тарапынан Ресейге қарсы ұсынылған жаңа санкцияларға қатысты алаңдаушылық білдіріп, олардың еуропалық компанияларға зиян келтіретін құрал ретінде пайдаланылатынын ескертті.
Германияның Сыртқы Істер Министрі Зигмар Габриэль Дональд Трамп үкіметінен өз саясаттарын еуропалық серіктестерімен үйлестіріп, Ресейге қарсы біржақты санкция салмауды сұрап: «Германияның позициясы – АҚШ-тың Еуропа компанияларына қарсы санкцияларын шектен тыс пайдалануды қабылдамау. Трамп, АҚШ үкіметі мен Мемлекеттік департаменті санкция саясатының ұлттық экспорт пен отандық энергетика секторының мүдделерін арттыруға қолайлы құрал емес екенін біледі»,-деді.
АҚШ Сенаты бейсенбі күні Ресейге қарсы жаңа санкциялар жиынтығын бекітті. Дональд Трамптың қол қоюына жіберілетін бұл санкциялар Германияның көптеген ірі энергетикалық компания жұмыстарының жаңа қатынасына қауіп төндіреді.