Солтүстік Корея баллистикалық зымыран атты
Солтүстік Корея шығыс теңізіне баллистикалық зымыран атты. Франция ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Солтүстік Корея бүгін, жұма күні таңертең өз елінің шығыс жағалауындағы теңізге баллистикалық зымыран атты.
Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы: «Бұл зымыран жұма күні таңертең Солтүстік Кореяның оңтүстік-батысындағы аймақтан атылып, 800 километр қашықтықтан өтіп, «Шығыс теңізіне» (Жапон теңізіне) түсті»,- деп мәлімдеді.
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Солтүстік Кореядан атылған зымыранның түрін нақты атаған жоқ. Бірақ «Ренхап» ақпарат агенттігінің әскери дереккөздерге сілтеме жасап берген мәліметі бойынша, атылған зымыран 1300 километр қашықтыққа жететін ортақашықтықтағы Rodong баллистикалық зымыраны болған.
Бұл әрекет Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чин Ын ядролық оқтұмсықтар мен зымырандардың сынақтарын көбейту туралы бұйрық бергеннен бірнеше күннен кейін орын алды.