Трамп үкіметі дағдарыстарының шегі көрінбейді
(last modified Tue, 01 Aug 2017 09:01:58 GMT )
Там 01, 2017 15:01 Asia/Almaty
  • Трамп үкіметі дағдарыстарының шегі көрінбейді

АҚШ Президенті Ақ үйдің байланыстар жөніндегі басшысы етіп тағайындаған Энтони Скарамуччиді 10 күн өткен соң орнынан алып, оның орнына Джон Келлиді тағайындады.

Скарамуччиді тағайындау Ақ үйде үлкен жанжал тудырған еді. Тіпті осы тағайындаудан кейін Ақ үйдің ақпарат өкілі отставкаға кетті.

Дональд Трамп 21 шілдеде Ақ үйдің байланыстар жөніндегі бұрынғы басшысы Шон Спайсерді орнынан алып, Скарамуччиді оның орнына тағайындаған болатын.

Спайсер Трамптың бұл тағайындауын "үлкен қателік" деп атап, Ақ үйдің байланыстар жөніндегі бұрынғы басшысы қызметімен қатар атқарып жүрген Ақ үйдің ақпарат өкілі лауазымынан бас тартты.

 АҚШ Президенті сенбі күні таңертең  үкімет мүшелерін лауазымдарынан алып тастау ісін жалғастырып, Ақ үйдің кадрлар бөлімінің басшысы Райнс Прибусты да орнынан алып, АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Джон Келлиді осы лауазымға тағайындады.