АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Солтүстік Кореяның зымырандық күшін мойындады
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Солтүстік Кореяның құрлықаралық баллистикалық зымырандарының АҚШ-тың кез келген жеріндегі бір мекенді нысанаға алу мүмкіндігіне ие екенін мәлімдеді.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Солтүстік Кореяның жуырдағы зымырандық сынағына баға беруден бас тартқаннан кейін Солтүстік Кореяның жуырдағы зымырандық сынағы осы елдің барлық зымырандарының осы уақытқа дейін басып өткен қашықтықпен салыстырғанда ең ұзақ қашықтыққа ұшырылғанын мойындады.
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Солтүстік Кореяның атомдық және зымырандық бағдарламаларынан төніп тұрған қауіп-қатердің күннен күнге артып келе жатқанын айтып: "Бұл мәселе АҚШ президенті Дональд Трамп үкіметінің Солтүстік Кореяға жауап беруі үшін қысымның артуына себеп болуы мүмкін" деді.
Солтүстік Корея өткен жұма күні, яғни, шілде айының жиырма сегізінде жаңа құрлықаралық зымыранын сынақтан өткізді. Бұл зымыран Жапонияның еркін экономикалық аймағындағы суларға түсті.