Никки Хейли: Иран халықаралық міндеттемелеріне берік емес
(last modified Thu, 03 Aug 2017 16:20:00 GMT )
Там 03, 2017 22:20 Asia/Almaty
  • Никки Хейли: Иран халықаралық міндеттемелеріне берік емес

Американың БҰҰ-ғы тұрақты өкілі кеше сәрсенбі күні Қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерришке хат жазып, «Иран лаңкестік топтарға қолдау көрсетуін арттырды. Теһран халықаралық міндеттемелеріне табанды емес» деген уәж айтты.

Никки Хейлидің уәждерінің ИИР «Симорғ» атты зымыран тасығышын сынақтан өткізгеннен кейін жарияланып отырғанын айту керек.

Америка дамыған технологияларды тек өздерінің монополиясында ұстауды көздейтін еуропалық үш ел – Франция, Германия және Британиямен бірге сәрсенбі күні «Иранның «Симорғ» зымыран тасығышын ұшыруы ядролық келісімді қолдау үшін қабылданған  №2231 қарарды бұзды» деген уәж айтты.

Алайда, БҰҰ-ғы Ресей елшісі Василий Небензя сәрсенбі күні елінің Иранның «Симорғ» зымыран тасығышын ұшыруын ядролық келісімді бұзу деп санамайтынын қуаттады.

Америка президенті елінің Өкілдер палатасы мен Сенатында ИИР мен Ресей және Солтүстік Кореяға санкция салу туралы бекітілген жобаға қол қойды.

Америка президенті Дональд Трамп Иран мен Ресей және Солтүстік Кореяға санкция салу жобасына қол қойғанымен, бір мәлімдемеде осы жобаның ықтималды салдарларына, соның ішінде президенттің Ресейге салынған санкцияларды жою, Американың одақтастарымен серіктестік мүмкіндігін төмендету бойынша өкілеттіктерінің азаюына қатысты алаңдаушылық білдірді.

 

 

Тегтер