АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің барлау басқармасының директоры қызметінен босатылды
Америкалық ақпарат құралдары АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің барлау басқармасының директоры Эзра Коэн-Ватниктың қызметінен босатылғанын хабарлады.
Америкалық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт Рэймонд Макмастер Коэн-Ватникты қызметінен босатты.
Коэн-Ватниктың қызметінен кетуі – Ақ үйде орын алып жатқан қызметке тағайындалу мен босатылудың келесі бір жайты. Бұл жайттар Трамп үкіметіндегі келіспеушіліктердің мөлшерін бұрынғыдан бетер айқындап отыр.
АҚШ президенті дүйсенбі күні кешке Энтони Скарамуччиді Ақ үйдің байланыстар жөніндегі директоры ретінде тағайындағаннан небәрі 10 күн өткеннен кейін жұмыстан шығарып, орнына Джон Келлиді жұмысқа алды.
Скарамуччидің қызметке алынуы Ақ үйде көптеген келсіпеушілік тудырды, тіпті бұл әрекеттен кейін Ақ үйдің ақпарат хатшысы отставкаға кеткен болатын.
Дональд Трамптың жанжал тудырған бұйрықтары, сөздері мен іс-әрекеттері және әдепсіз қылықтары көптеген америкалық саясаткерлердің оның осы елдің президент лауазымына лайық емес деп санауына себеп болды.