Солтүстік Кореяның АҚШ-тың күш көрсетуіне қарсы табандылық танытуы мақтауға тұрарлық
(last modified Sat, 05 Aug 2017 11:21:52 GMT )
Там 05, 2017 17:21 Asia/Almaty
  • Солтүстік Кореяның АҚШ-тың күш көрсетуіне қарсы табандылық танытуы мақтауға тұрарлық

Әли Лариджани жұма күні Теһранда Солтүстік Кореяның Жоғары халықтық ассамблеясының төрағасы Ким Йонг Наммен кездесуінде билікқұмар мемлекеттердің басқа елдерге үстемдік етудегі талпыныстары жеңіліспен аяқталады деді.

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық энергияны қорғайтынын баса айтып, әлемде жақын арада бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнайтындығына үміт білдірді.

Ким Йонг Нам бұл кездесуде АҚШ-тың қысым жасап, күш көрсетуді жалғастырып жатқанын баса айтып: "Вашингтон әрдайым әскери тұрғыдан өзінен әлсіз мемлекеттерге шабуыл жасап келді",- деді.

Солтүстік Кореяның Жоғары халықтық ассамблеясының төрағасы мемлекеттердің өз тағдырын өз күш-қуатына иек артып жасайтынын айтып: "Ешқандай мемлекет билікқұмар елдердің ашкөздігінің құрбаны болмауы тиіс.

Солтүстік Корея үнемі бейбітшілікті қалайды. Бірақ АҚШ дұшпандық саясаттарынан қол үзбейтін болса, Солтүстік Корея әскери қуатын арттыруды жалғастырады",- деп мәлімдеді.