Түркияның саясаттарында өзгерістің нышаны байқалмайды
Германияның Сыртқы істер министрі: "Түркия Президенті саясаттарының жақын болашақта өзгеру ықтималдылығына қатысты еш белгі байқалмайды",-деді.
Германияның Сыртқы істер министрі Зигмар Габриель германиялық "Штутгартер Нахрихтен" газетіне берген сұхбатында Түркияның жуырдағы өзгерістері және оның осы елдің Еуропа одағына мүше болып кіру үдерісіне тигізер әсері туралы сұраққа: "Түркия Еуропа одағына қосылуы үшін еуропалық құндылықтар шеңберінде әрекет етуі керек",-деп жауап берді.
Осы германиялық қайраткер өз елінің бірнеше азаматының Түркияда құрықталғанына өкініш білдіріп: "Германия азаматтарына осындай қатынас көрсететін тараптар Берлиннен өздеріне қатысты жақсы қатынас күтпеуі керек",-деді.
Соңғы айларда Германия мен Түркия арасындағы текетірес түрлі мәселелерге қатысты, соның ішінде Германияда Түркияның конституциясына өзгеріс енгізу туралы референдумды насихаттауға қарсылық білдіріліп, Германияның Түркияда сәтсіз аяқталған төңкеріске қатысты айыпталғандарға пана беріп, бір германиялық адам құқығы белсендісінің Түркияда құрықталғанынан кейін күшейіп кетті.