Ғасеми: Әлем АҚШ-тың уәде бұзушылығына төзбейді
https://itolqyn.com/news/world-i29702
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бір әлемдік келісім деп сипаттап: "Егер АҚШ осы келісімге қатысты уәде бұзса, әлем бұған шыдап тұрмайды",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 09, 2017 01:06 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Әлем АҚШ-тың уәде бұзушылығына төзбейді

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бір әлемдік келісім деп сипаттап: "Егер АҚШ осы келісімге қатысты уәде бұзса, әлем бұған шыдап тұрмайды",-деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні кешке Иранның "Хабар" арнасына берген сұхбатында Теһранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік екенін және еуропалықтардың оны түсінгенін айтып: "Бүгінде Еуропа АҚШ-тың менмендік саясаттарына қайшы келетін жаңа саясаттарды ұстанып отыр. Олар Иранмен ядролық келіссөздердің бастамашылары болғандықтан бұл келісімнің шынайы түрде жүзеге асуын қалайды. Еуропалықтар өз міндеттерін ашық түрде бұзатын америкалықтардан алшақтауды көздеп отыр",-деді. 

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың жуырдағы Иранға қарсы әрекеттеріне тоқталып: "ИИР АҚШ-тың әрекеттерін парасаттылықпен қадағалап отыр және Дональд Трамптың үкіметіне Иранның есебінен "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзуға жол бермейді",-деді.