Солтүстік Корея Дональд Трампқа Гуам аралына зымыран ататыны туралы ескерту жасады
(last modified Wed, 09 Aug 2017 10:51:41 GMT )
Там 09, 2017 16:51 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея Дональд Трампқа Гуам аралына зымыран ататыны туралы ескерту жасады

Солтүстік Кореяның ресми ақпарат құралы KCNA Солтүстік Корея үкіметінің сәрсенбі күні таңертең Тынық мұхитының Гуам аралында орналасқан АҚШ-тың базаларына құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшыруды жоспарлап жатқанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Солтүстік Кореяның ресми ақпарат құралы хабарламасының жалғасында: «Пхеньян үкіметі Hwasong-12 баллистикалық зымыранын Гуам аралына ату туралы жобасын жүзеге асыруды мұқият қарастырып жатыр",- деп мәлімдеді.

Бұл қоқан-лоққылар АҚШ президенті Дональд Трамп "Солтүстік Кореяның басшысы өте қауіпті адам. Ол әдеттегі қадамдардың шегінен тыс әрекеттер жасады. Сол себепті олар әлемде бұрын-соңды болмаған жауапқа тап болады",- деп айтқан уәждерінен бірнеше сағат өткен соң айтылды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бірнеше күн бұрын Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкция салды.