Еуроодақ Иранға қатысты екітүрлі ұстанымға ие
(last modified Wed, 09 Aug 2017 13:39:34 GMT )
Там 09, 2017 19:39 Asia/Almaty
  • Еуроодақ Иранға қатысты екітүрлі ұстанымға ие

2017 жылы шілденің жиырма жетісі күні Иранның "Simorgh" зымыран-тасығышы Теһрандағы имам Хомейни ғарыш айлағында ғарышқа сәтті ұшырылды. Бірақ Иранның бұл ғылыми жетістігі АҚШ пен Еуропалық одақтың реакциясын тудырды.

Иран Сыртқы қарым-қатынастар стретегиялық кеңесінің төрағасы Камал Харази тамыздың жетісі дүйсенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Теһранда Еуропалық одақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могеринимен кездесуіне сілтеме жасап: "Могериниге үш еуропалық мемлекеттің АҚШ-пен қосылып, Иранға қарсы мәлімдеме жариялауы және "Simorgh" зымыран-тасығышын ұшыру БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзу деп тануын мағынасыз деп айтқан кезде, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының бұған беретін жауабы болмады",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф та Могеринимен кездесуі кезінде Иранның зымырандық сынақтары, "Simorgh" зымыран-тасығышын ұшыруы және бұл әрекеттердің №2231 қарарына қайшы келмейтіндігіне тоқталып, үш еуропалық елдің АҚШ-пен бірігіп, жуырда жариялаған мәлімдемесін сынға алып, оны қате бағыттағы әрекет деп атады.

Иран мен Еуропа одағының қазіргі қарым-қатынасы сыншыл сұхбаттасулардан кейін экономикалық, аймақтық және аймақтық өзара әрекеттестік кезеңіне көшті. Бірақ Еуропа одағы саяси мақсаттарда осындай позицияларды ұстанып жатқанда бұдан екіұшты қорытынды жасауға болады.

Он жылдық санкциялар кезеңінде Еуропа одағы мен Иран арасындағы қарым-қатынастар бұрын оң бағытта болғанына қарамастан қатты зиян шеккен еді. Могерини Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы ретінде бұл мәселеге байланысты Еуропа одағының өзінің ұлттық мүдделерін көздеп, АҚШ-тың артынан ермей, Ақ үйдің біржақты саясаттарына бағынбауы керек деп мойындап, өз мәлімдемесінде "алтылық» топтың барлық мүшелерінен "Ортақ қадамды" толық жүзеге асыруды сұрады.

Еуропа одағы ұстанымдарының айқын болуы мен оның "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдауда жауапкершілікті өз мойнына алуының маңыздылығында еш күмән жоқ. Алайда, Еуроодақтың Иранның авиация және ғарыш саласындағы ғылыми жетістігіне таңылған алаңдаушылық негізіндегі позицияларды ұстануы мен оның АҚШ-пен бірлесуі АҚШ-тың қысымдары мен қыспаққа алуына қарсы өз мүдделерін қалай қорғай алады деген сауал туындайды.

Foreign Policy басылымы АҚШ пен Еуропа одағының Иран мен "Ортақ қадамға" қатысты ұстанымдарын сынға алған мақаласында: "Ядролық келісімге қарсы кейбір тараптардың уәждеріне қайшы ғарышқа зымыран ұшыру "Ортақ қадам" бағдарламасының мәтінін бұзбайды. "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асырушы болып табылатын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарында Ираннан дипломатиялық ұсыныс түрінде ядролық қарумен шабуыл жасауда қолданылатын баллистикалық зымырандарды дамытуға байланысты әрекеттер жасаудан бас тарту талап етілген

Трамптың командасы ғарышқа зымыран ұшырудың заң бойынша рұқсат етілгені мен тыйым салынғанына қарамастан, Иранның авиация және ғарыш саласындағы ғылыми сынақ өткізуін қауіп деп атап, оны "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу үшін сылтауратқысы келіп отыр. Трамп осы келісімді "бүкіл кезеңдердегі ең нашар келісім" деп атаған болатын",- деп жазды.

Еуропа одағының АҚШ-пен бірлесуінен пайда таппайтыны анық.