Иран мен Қазақстан мәдениет саласында келісімге қол қойды
(last modified 2017-08-11T04:53:41+00:00 )
Там 11, 2017 10:53 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан мәдениет саласында келісімге қол қойды

Теһранда Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы мен Қазақстанның Мәдениет, туризм және спорт министрі мәдени келісімге қол қойды.

29 тараудан тұратын мәдени келісімге бейсенбі күні Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысы Абозар Ибраһими Торкаман мен Қазақстанның Мәдениет, туризм және спорт министрі Арыстанбек Мұхаммедиұлы қол қойды.

Осы келісім жасалғаннан кейін кинематография, театр, музыка салаларында екі жақты серіктестіктер және қолжазбалар мен Иран-Қазақстанның мәдениет қайраткерлері арасында ынтымақтастық орнату, көрмелер, сурет көрмелері және мәдени апталықтар өткізу бөлімдеріндегі екіжақты ортақ әріптестіктер жүзеге асырылатын болады.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Реза Салехи Амири бұдан бұрын Иранның Орталық Азия және Казказ елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен мәдени салада ортақ ынтымақтастық жасауға мүдделігінің басымдылыққа ие екендігін айтқан болатын. 

 

Тегтер