Шарлоттсвилл қаласындағы бір дүкен бомба қойылу ықтималдығына байланысты босатылды
АҚШ-тың Шарлоттсвилл қаласындағы бір дүкен бомба қойылуы мүмкін деген себеппен босатылды.
Дүкен "Walmart" компаниясына тиесілі. Соңғы күндері Шарлоттсвилл қаласы тынышсыздықтарға тап болып отыр.
Сенбі күні түнде Вирджиния штатының осы қаласында болған нәсілшілдікке қарсы шеруде бір автокөлік шерушілерді басып өтті. Оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.
Келесі бір оқиғада АҚШ-тың Висконсин штатындағы көлік жарысын өткізетін орында белгісіз адамның оқ атуы салдарынан 3 адам қаза тапты.
Жексенбі күні Висконсон штатында 5 мың адам тамашалаған автокөлік жарысы барысында бір жас жігіт тамақ сататын дүңгіршектің жанында тұрған адамдарға қарай оқ жаудырды. Соның салдарынан 3 адам қаза тауып, шабуылдаушы қашып кетті.