Өзбекстан мен Тәжікстан лаңкестікпен күресу қажеттігін қуаттады
(last modified Mon, 14 Aug 2017 16:59:43 GMT )
Там 14, 2017 22:59 Asia/Almaty
  • Өзбекстан мен Тәжікстан лаңкестікпен күресу қажеттігін қуаттады

Өзбекстан мен Тәжікстанның Ішкі істер министрліктері лаңкестік және ұйымдасқан қылмыстармен күрес саласында өзара әріптестікті арттырады.

Тәжікстан Ішкі істер министрінің орынбасары генерал Абдурахмон Аламшохзода Өзбекстан Ішкі істер министрі Абдусалом Азизовпен Ташкентте кездесуінде: «Екі ел арасында лаңкестік, ұйымдасқан қылмыстар және есірткі заттардың контрабандасымен күрес саласындағы қауіпсіздік органдарының әріптестігін арттыру қажет",-деп қуаттады.

Ташкент-Душанбенің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы  Өзбекстан Ішкі істер министрі Абдусалом Азизовтың 20 маусымда Душанбеге  іс-сапармен барып, Тәжікстан Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзодамен кездесуінен кейін арта түсті.