Талибан тобы АҚШ Президентіне ашық хат жазды
Талибан тобы АҚШ Президентіне жазған хатында: «АҚШ-тың Ауғанстанға жасаған 16 жылдық шабуылы бұл елге тынышсыздық, тұрақсыздық және әкімшілік жемқорлық әкелді»,-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының пушту тіліндегі радиосының хабарлауы бойынша, Талибан тобының АҚШ Президенті Дональд Трампқа жазған хатында: «АҚШ Ауғанстанды басып алып, мыңдаған бейбіт ауғанды өлтіргендіктен, ауған халқының алдында қорқынышты, жиренішті де жексұрын кейіпке ие. Ауғанстандағы америкалық қолбасшылар мен әскерилер – жемқор әрі өтірікші адамдар. Көптеген адамдар, соның ішінде ресми басшылар мен әр түрлі тұлғалар оларға жиренішпен қарайды. АҚШ-тың Ауғанстандағы жеңіліс тапқан 16 жылдық соғысында мыңдаған адамның өлімі мен осы елдің инфрақұрылымын қиратқанынан басқа жетістігі жоқ»,-деп жазылған.