Дональд Трамптың әрекеттері Ақ үйдегі текетірес пен дағдарысқа себеп болып отыр
(last modified Sat, 19 Aug 2017 15:55:37 GMT )
Там 19, 2017 21:55 Asia/Almaty
  • Дональд Трамптың әрекеттері Ақ үйдегі текетірес пен дағдарысқа себеп болып отыр

Жазушы әрі саяси істер жөніндегі сарапшы АҚШ Президентінің әрекеттерін, соның ішінде өзінің бас стратегін қызметтен босатуын Ақ үйдегі текетірес пен дағдарыстың белгісі деп атады.

 E.J. Dionne Jr «The Washington Post» газетінде: «Ақ үйдің бас стратегі Стивен Бэннонның жұмыстан шығарылуы АҚШ Президенті Дональд Трамптың өзінің шешім қабылдауында тұрақсыз популистік саясат ұстанып отырғанын көрсетеді",-деді.

Трамптың бас стратегінің жұмыстан шығарылуы АҚШ үкіметіндегі бейберекеттік пен тұрақсыздықты айқын көрсетіп отыр.

Бұл жазушы: "Көп жағдайда, соның ішінде Корей түбегіндегі дағдарыста Бэннон мен Трамптың арасында  келіспеушіліктер болды",-деп мәлімдеді.

Ақ үйдің стратегі өзінің қызметтен босатылғанына қатысты алғашқы реакциясында Трамптың президенттігін аяқталды деп атады.