Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жол алымы азайды
(last modified Sun, 20 Aug 2017 02:12:26 GMT )
Там 20, 2017 08:12 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жол алымы азайды

ИИР-ның Әзірбайжан Республикасындағы елшілігінің экономика істері жөніндегі атташесі Мұхаммед Ибраһими ИИР мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жүк көліктерінен жол алымының азайғанын хабарлап:

"2017 жылы қаңтарда Нахчыванда өткен ортақ экономикалық ынтымақтастық комиссиясының 11-ші отырысында екі елдің қол жеткізген келісімі бойынша Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жүк көліктерінің жол алымы 160 доллардан 100 долларға түсті. Бұл келісім ағымдағы жылдың 8 тамызында орындала бастады. ИИР мен Әзірбайжан сауда қатынастарын одан ары дамыту, екі тарап арасында экспорттық және импорттық тауарларды тасымалдаудың құнын төмендету, сондай-ақ Әзірбайжаннан басқа мақсаттарға, соның ішінде Грузия мен Ресейге қатынайтын Иранның жүк көліктерінің тасымал құнын төмендету жол алымын азайтудың артықшылықтарының қатарына  жатады",-деп мәлімдеді. Тас жолмен жүк тасымалдау Иран мен Әзірбайжанның экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады.

Өткен жылы Иранның 51473 жүк көлігі Әзірбайжанға, Әзірбайжанның 50831 жүк көлігі Иранға қатынады.