Ұлыбританияда Трампқа қарсы шеру өтті
(last modified Sun, 20 Aug 2017 15:14:29 GMT )
Там 20, 2017 21:14 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияда Трампқа қарсы шеру өтті

АҚШ Президентінің нәсілшіл әрі соғысқұмар ұстанымдарына наразылықтардың жалғасында британдықтар Лондондағы АҚШ елшілігінің алдына жиналып, Трампқа қарсы ұран айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұлыбританияның бірқатар азаматы мен осы елде тұратын америкалықтар сенбі күні Лондондағы АҚШ елшілігінің алдына жиналып, АҚШ Президенті Дональд Трамптың сөздері мен саясаттарын осы ел халқының ұяттан жерге қарауына себеп болды деп атап, оның отставкаға кетуін талап етті.

Наразылар, сондай-ақ,  Трампқа кез келген қолдаудың жасалуын айыптап, Ұлыбритания басшыларының АҚШ Президенті мен оның тәсілдерінен аулақ болуы қажеттігін қуаттады.   

АҚШ Президентінің «ақтардың үстемдігін» жақтайтын нәсілшілдер мен олардың Вирджиния штатының Шарлоттсвилл қаласындағы қатігездікке толы шерулеріне жақтасқан позиция білдіруі АҚШ-тың іші мен басқа елдерде наразылықтардың жаңа толқынын тудырды.

Тегтер