Трамптың психикалық саулығын тексеру талап етілді
(last modified Sun, 20 Aug 2017 15:26:16 GMT )
Там 20, 2017 21:26 Asia/Almaty
  • Трамптың психикалық саулығын тексеру талап етілді

АҚШ Калифорния штатының өкілдері билік басындағы жұмысын жалғастыруға лайық екенін анықтау үшін бұл ел президентінің психикалық және физикалық саулығын тексеруді сұрады.

«Hill» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Калифорния штатының демократ өкілі Зое Лоферген: «АҚШ Президенті Дональд Трамптың психикасының бұзылуы немесе Конституция бойынша міндетін атқаруға кедергі келтіретін деменция сынды ауруға шалдықпағанын тексеру керек»,- деді.

Лоферген сондай-ақ АҚШ Вице-Президенті Майк Пенс мен Трамп кабинетінің мүшелерінен дәрігерлер мен психологтардың қызметін жылдам дайындап, АҚШ Конституциясының 25-ші негізі бойынша президентті отставкаға шығару үдерісіне көмектесуді сұрады. АҚШ Конституциясының 25-ші негізі бойынша Вице-президент пен үкімет мүшелері президенттің міндетін атқаруға жарамсыз екенін жариялай алады.