Қытайдың Мәдениет министрі Иранды құнды мәдени әлеуеттерге ие ел деп атады
(last modified 2017-08-23T07:47:31+00:00 )
Там 23, 2017 13:47 Asia/Almaty
  • Қытайдың Мәдениет министрі Иранды құнды мәдени әлеуеттерге ие ел деп атады

Қытайдың Мәдениет министрі ИИР-н құнды әрі теңдессіз мәдени әлеуеттерге ие ел деп атады.

Қытайдың Мәдениет министрі Luo Shugang  ИИР-ның Мәдениет және байланыстар ұйымының басшысы Абузар Ибраһими Торкаманмен жүздесуінде Иранды құнды әрі теңдессіз мәдени әлеуеттерге ие ел деп атап: «Иранның Пекинде өткен кітап көрмесіне қатысуы сол әлеуеттермен танысу үшін үлкен мүмкіндік туғызды» деді.

ИИР-ның Мәдениет және байланыстар ұйымының басшысы Абузар Ибраһими Торкаман да бұл кездесуде Иран мен Қытай арасындағы мәдени және қарым-қатынас ынтымақтастығын дамыту қажеттігін қуаттап: "Екі ел көптеген мәдени және ортақ көзқарастары арқылы жан-жақты қарым-қатынас орнату жолында құнды қадаам жасады",-деді.

Сондай-ақ, Абузар Ибраһими Торкаман 2018 жылы  халықаралық кітап көрмесінің келесі кезеңінің  ИИР-да өтетінін айтып, Қытайдың Мәдениет министрін сол шараның маңызды қонағы болуға шақырды.

 

 

 

Тегтер