Пәкістан Сенаты Трамптың сөзіне қатаң реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i30198-Пәкістан_Сенаты_Трамптың_сөзіне_қатаң_реакция_білдірді
Пәкістан Сенатының төрағасы: "Пәкістан АҚШ-тың "тыныш ауласы" емес",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 24, 2017 21:49 Asia/Almaty
  • Пәкістан Сенаты Трамптың сөзіне қатаң реакция білдірді

Пәкістан Сенатының төрағасы: "Пәкістан АҚШ-тың "тыныш ауласы" емес",- деп мәлімдеді.

Пәкістан Сенатының төрағасы Реза Раббани АҚШ президентінің Пәкістанды лаңкестерге пана берді деп айыптаған сөзіне наразылық білдіріп, Пәкістан үкіметінен Трамптың осы уәждеріне қарсы қатаң реакция білдіруді  сұрады. Ол сондай-ақ Вашингтонның Исламабадтың АҚШ президентінің сөзіне наразылығын түсінуі үшін өз үкіметінен Пәкістан Сыртқы істер министрін АҚШ-қа сапармен жібермеуді сұрады.