Әзірбайжан Республикасының Ұлттық Мәжілісі армяндардың азаматтық алуына рұқсат беруі мүмкін
https://itolqyn.com/news/world-i30314-Әзірбайжан_Республикасының_Ұлттық_Мәжілісі_армяндардың_азаматтық_алуына_рұқсат_беруі_мүмкін
Әзірбайжан Республикасының Ұлттық Мәжілісінің бір депутаты армяндарға осы елдің азаматтығын алуға рұқсат берілетінін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 28, 2017 20:36 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан Республикасының Ұлттық Мәжілісі армяндардың азаматтық алуына рұқсат беруі мүмкін

Әзірбайжан Республикасының Ұлттық Мәжілісінің бір депутаты армяндарға осы елдің азаматтығын алуға рұқсат берілетінін хабарлады.

Баку үкіметін жақтаушы депутаттардың бірі Эльман Мамедов Таулы Қарабақта тұратын армяндар Әзірбайжан Республикасының құқығына құрмет көрсеткен жағдайда жақын болашақта Әзірбайжан жерінде қоныстануға мүмкіндік алатындығына үміт білдірді.

Осыдан біраз бұрын Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрі де дау-жанжал шешілгеннен кейін қалыптасатын жағдайды армян халқы үшін де пайдалы болады деген болатын.