Там 29, 2017 16:33 Asia/Almaty
  •  Мьянма үкіметі Рохиньядағы мұсылмандардың құқықтарының бұзылуының жалғасуын тоқтатуы керек

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми рохинья мұсылмандарына қарсы адамгершілікке жатпайтын әрі қатігез жағдайдың қалыптасуына алаңдаушылық білдіріп: «Мьянма үкіметі бұл елдің мұсылмандарының құқықтарының бұзылуының жалғасуын тоқтатуы керек»,- деп қуаттады.

Баһрам Ғасеми дүйсенбі күні кешке Мьянмадағы мұсылмандарға қарсы адамгершілікке жатпайтын қатыгез әрекеттердің жалғасуына тоқталып: «Халықаралық нормалар ретінде танымал болған адамның негізгі құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу шеңберінде Иран үкіметі Мьянмадағы мұсылмандардың қаза болуы мен көршілігін қоныс аударуға мәжбүр еткен олардың құқықтарының бұзылуының жалғасуына алаңдаушылық білдіріп, өкінішті жағдайдың жалғасуына наразылығын жариялайды»,- деді.

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мьянма үкіметінен бұл елде бейбітшілік пен тату өмір сүру жағдайын орнату үшін шара ойластыруды талап етті.

БҰҰ соңғы кезде Мьянмадағы аз санды рохинья халқының өкінішті жағдайына қатысты ескерту жасап, бұл елдегі мұсылмандардың аянышты жағдайда өмір сүруі туралы жариялаған болатын.

 

 

 

 

 

Тегтер