Вашингтон Солтүстік Кореяның зымырандық сынағына реакция білдірді
(last modified Wed, 30 Aug 2017 08:47:03 GMT )
Там 30, 2017 14:47 Asia/Almaty
  • Вашингтон Солтүстік Кореяның зымырандық сынағына реакция білдірді

АҚШ Президенті Солтүстік Кореяның жаңа зымыран сынағына реакция білдіріп, Пхеньянға қатысты барлық нұсқалардың қарастырылатынын қуаттады.

Францияның ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ақ үй өз мәлімдемесінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың бұрынғы қоқан-лоққыларын қайталап,  Солтүстік Кореяға қарсы әскери әрекетке бару ықтималын қуаттады. 

Сонымен бірге АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ Солтүстік Кореяның зымыран сынағынан кейін телефон арқылы сөйлесіп, бұл елге қысымды арттыру мен өз одақтастары мен халықаралық қоғамды ортақ ұстаным білдіруге көндіру қажеттігін қуаттады.

Солтүстік Корея сәрсенбі күні таңертең бұл елдің жуырдағы зымыран сынағының АҚШ-тың Корея түбегіне жақын жерде жаттығу өткізуіне берілген жауап болғанын баса айтты.

Соңғы зымыран сынағына қатысып, зымыран атуға бұйрық берген Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ын бұл сынақты «шынайы соғыстағы зымырандық әрекетті тәжірибеден өткізу үшін жақсы мұрсат» деп атап: «Пхеньян Вашингтонның әрекеттерін бақылауда ұстап отыр. Алдағы шешімдерді соларға сәйкес қабылдайды» деп баса айтты.