Лавров: Америка басшылары психикалық тұрғыдан сау емес
https://itolqyn.com/news/world-i30415
Ресей Сыртқы істер министрі «Вашингтонның Сан-Франциско, Вашингтон және Нью-Йорктегі үш дипломатиялық орталықты жабу туралы шешімі америкалық басшылардың психикалық тұрғыдан ауытқушылықтарға ие екендігін көрсетеді",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 02, 2017 15:00 Asia/Almaty
  • Лавров: Америка басшылары психикалық тұрғыдан сау емес

Ресей Сыртқы істер министрі «Вашингтонның Сан-Франциско, Вашингтон және Нью-Йорктегі үш дипломатиялық орталықты жабу туралы шешімі америкалық басшылардың психикалық тұрғыдан ауытқушылықтарға ие екендігін көрсетеді",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сергей Лавров жұма күні америкалық лауазымды тұлғалардың психикалық тұрғыдан аутықушылықтарға ұшырағандығының белгілерін байқауға болатындығына сілтеме жасап: "Мәскеу міндетті түрде  АҚШ-тың осы үш қаладағы Ресейдің дипломатиялық орталықтарын жабу туралы шешіміне кесімді жауап береді",- деп мәлімдеді.

Вашингтон бейсенбі күні Мәскеудің жуырдағы Ресей территориясындағы АҚШ-тың бірнеше дипломатиялық орталығын жауып, жүздеген қызметкердің санын азайту туралы шешіміне реакция білдіріп: "Мәскеу қыркүйектің екісіне дейін Сан-Францискодағы өзінің Бас консулдығын жабуы тиіс",- деп мәлімдеді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесіне сәйкес, Ресей сонымен қатар Вашингтон мен Нью-Йорктегі консулдықтарын да жабуы керек.