Асма Джаһангирдің Ирандағы адам құқығы туралы есебі қабылданбайды
(last modified Mon, 04 Sep 2017 10:57:54 GMT )
Қыр 04, 2017 16:57 Asia/Almaty
  • Асма Джаһангирдің Ирандағы адам құқығы туралы есебі қабылданбайды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы баяндамашысы Асма Джаһангирдің Иран туралы жаңа есебін саяси мақсаттар мен түрткілерге негізделгенін айтып, Иранның оны толығымен қабылдамайтынын қуаттап:

"Өкінішке орай, ИИР-ның негізсіз айтылған уәждерге үсті-үстіне, толық және дәлелді берген жауаптарына қарамастан, бұл есептің мазмұны Ирандағы адам құқығының жағдайына қатысты жалған ақпарат пен қате пайымдауларға негізделген әрі сенімсіз ақпарат көздерін пайдалану арқылы жасалып, осы есептің растығына шынайы түрде нұқсан келтіріп отыр",- деді.

Адам құқықтары әрдайым Ислам революциясы жеңісінен кейін ИИР-ға қарсы қысым көрсетудің басқа тетіктерімен қатар пайдаланылып келеді. Мұсылман әрі тәуелсіз ел ИИР үнемі Батыс елдері тарапынан адам құқықтарына байланысты нысанаға алынды. Ирандағы адам құқықтары жағдайын зерттеп, нәтижесінде Ирандағы адам құқықтарының жағдайын нашар етіп көрсету үшін қасақана түрде арнайы баяндамашы тағайындалды. БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінің арнайы баяндамашысының Иран туралы есебі жалған ақпарат көздері мен қате мәліметтерге негізделіп жазылған. Осыған байланысты Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани өткен дүйсенбі күні: "Революцияға қарсы топтар мен "Мұнафеқин"  лаңкестік тобының өткен жылдары Иранға қарсы айтқандарының барлығын БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңестің арнайы  баяндамашысының есебінен байқауға болады",- деді.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңес баяндамашысының пайдаланған ақпарат көздері оның іс-сапары мен Иран жайлы адам құқықтары жөніндегі есептерінің мән-жайын көрсетіп отыр. Осындай жағдайда бұл есептер бұрмаланған және Иран тарапынан расталмаған болып есептелінеді. ИИР-ның Сот аппараты құқық саласында Ислам тағылымдарынан бастау алатын прогресшіл заңдар негізінде әрекет етеді. Мысалы, өлім жазасы үшін үкім Ислам тағылымдары негізінде, содан кейін Иранда Сот отырысында шығарылады. Сонымен қатар, Ирандағы әйелдердің орны Батыс елдерімен салыстырғанда құндылық және әлеуметтік тұрғыдан жоғары. Ирандағы азшылықтардың құқығы да олардың өздерінің пікірінше жақсы сақталған. Иран Ислам кеңесі мәжілісіндегі ассириялықтардың өкілі Юнатан Бет Колио жуырда: "Ирандағы діни азшылықтар ирандықтармен тең азаматтық құқықтарды пайдаланады",- деп мәлімдеді.

Жалпы алғанда, БҰҰ-ға қарасты Адам құқықтары жөніндегі ұйымның әдісі біржақты. БҰҰ адам құқығы кеңесі баяндамашысының есебі қате және жаңсақ мәліметтерге негізделген әрі Ирандағы адам құқығы жағдайын өз пайымдауы бойынша лайықсыз етіп көрсетуімен қоса, бұл ұйымның әлемнің әртүрлі аймақтарындағы адам құқықтарын жаппай бұзуға көзжұма қараған жағдайлар өте көп кездеседі. Бүгінде әлемде Сауд Арабиясы мен Палестинаның басып алынған жерлеріндегі, бәрінен маңыздысы Мьянманың Ракхайн облысындағы адам құқықтарының жағдайының өте аянышты екендігінен хабары жоқ адам кемде-кем. Бірақ, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңес бұл маңызды адами мәселеге саяси көзқараспен қарау арқылы өзінің беделін түсіріп алды. Йеменде адамдарды тыйым салынған қарулармен күнделікті өлтіру, қазіргі таңда әлемдік қауымдастық куә болып отырған Мьянмадағы рохинья мұсылмандарының геноциді адам құқықтарына байланысты саясаттың айқын дәлелдері саналады. Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми айтып өткендей, бұл әдіс әлемдік деңгейде адам құқықтары ұғымының орны мен деңгейін әлсіретіп, адам құқығы туралы уәж айтушыларды ұятқа қалдырудан басқа еш нәтиже бермейді.