Ресей, Түркия мен Иранның Сирияда текетірес жойылған аймақтар жөніндегі келіссөздері ілгерілеуде
https://itolqyn.com/news/world-i30517
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәрсенбі күні Ресей, Түркия мен Иранның Сирияның Идлиб провинциясындағы текетірес жойылған аймақтар жөніндегі келіссөздерінің өтіп жатқанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 07, 2017 07:51 Asia/Almaty
  • Ресей, Түркия мен Иранның Сирияда текетірес жойылған аймақтар жөніндегі келіссөздері ілгерілеуде

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәрсенбі күні Ресей, Түркия мен Иранның Сирияның Идлиб провинциясындағы текетірес жойылған аймақтар жөніндегі келіссөздерінің өтіп жатқанын хабарлады.

Сергей Лавров Шығыс экономикалық форумы аясында журналистерге: "Астана келіссөздеріндегі кепілгер елдер – Ресей, Иран мен Түркияның қарым-қатынасы жалғасуда. Үш ел Сирияның Идлиб провинциясындағы текетірес жойылған аймақтардың қауіпсіздігін кепілдендіру жолдары мен факторларын қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті",-деді.