Хошру: Мьянма мұсылмандары экстремизмнің құрбанына айналды
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Хошру бейбітшілік мәдениетінің БҰҰ жарғысының басты мәйегі екенін айтып: «Бұл мәселе осы халықаралық ұйым белсенділіктерінің өзегі болуы тиіс»,-деді.
Ғоламали Хошру бейсенбі күні БҰҰ-ның «Бейбітшілік мәдениеті» тақырыбындағы отырысында осы ұйымның адамзатты соғыс пен тынышсыздықтан құтқару үшін құрылғанын айтып, экстремизммен күресу және бейбітшілік мәдениетін жоғарылатудағы ұйымның міндетін айшықты деп атап: «Дипломатия мен келіссөздердің орнына санкция мен қоқан-лоққы тілімен сөйлеп, үстемшілдік пен экстремизмді нығайтатын адамдар өздерінің сөздері және істерімен бейбітшілік пен татулық мәдениетінің бұлағын құрғатады»,-деді.
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Таяу Шығыс аймағының дамыған қару-жарақтардың көрмесіне айналғанын айтты.
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі, сондай-ақ, Мьянма армиясы мен буддистердің рохинья мұсылмандарына қарсы қылмыстарын айтыптап: «Рохинья мұсылмандары келіспеушілік пен экстремизмнің құрбаны болып отыр»,-деді.