Қыркүйектің он төрті күні Астана келіссөздерінің алтыншы кезеңі өтеді
Ресей Сыртқы істер министрі жұма күні Сирияға қатысты Астана келіссөздері алтыншы кезеңінің қыркүйектің он төрті күні Қазақстанның елордасында өтетінін хабарлады.
Сергей Лавров Мәскеуде Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен бірге өткізген баспасөз конференциясында: «Ресей мен Франция Астана мен Женева отырыстары аясында Сирия дағдарысын шешу үшін саяси келіссөздердің жалғасуына мүдделі»,-деді.
Осы уақытқа дейін Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздердің бес кезеңі Сирия үкіметі мен жалпы атысты тоқтату бітімін қабылдайтын қарулы наразылар делегациялары және Сириядағы бейбітшілікті кепілдендіретін Иран, Ресей мен Түркия өкілдерінің қатысуымен өтті.
Келіссөздердің басты нәтижесі Сирияда қауіпсіз аймақтар құру жөнінде келісімге қол қою болды.