Ислам ынтымақтастық ұйымы Израильдің қалашық салу ісін айыптап, мәлімдеме жасады
(last modified Sun, 10 Sep 2017 08:49:04 GMT )
Қыр 10, 2017 14:49 Asia/Almaty
  • Ислам ынтымақтастық ұйымы Израильдің қалашық салу ісін айыптап, мәлімдеме жасады

Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы сионистік режимнің басып алынған Құдста 4000 тұрғын үй салуға шешім қабылдауын айыптады.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Юсеф әл-Усаймин сенбі күнгі мәлімдемесінде: «Басып алынған Палестина жеріндегі сионистер тұратын барлық қалашықтар халықаралық заңдар мен БҰҰ-ның қарарларына сәйкес, заңсыз салынған»,-деп хабарлады.

Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы сионистік режимнің әл-Халилде сионистер тұратын қалашықтарды басқару кеңесін құруға шешім қабылдауын қауіпті шара деп атап: «Мұндай әрекеттің мақсаты – Израильдің саясаттарын әл-Халил қаласына таңып, осы қаланың көне бөлігін еврейлендіру.

Сионистік режимнің қалашық салу ісін жалғастыруы Палестина халқының құқығын ашық түрде бұзу саналады. Бұл сионистік режимнің халықаралық қарарларға көңіл аудармайтынын көрсетеді және тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға бағытталған халықаралық шешім жолдарын жеңіліске ұшырату үшін жасалған талпыныс»,-деді.

 

Тегтер