11-ші қыркүйек оқиғасындағы Сауд Арабиясының рөлі туралы жаңа құжаттар табылды
https://itolqyn.com/news/world-i30637
АҚШ басылымдарының бірі 11-ші қыркүйек оқиғасындағы Сауд Арабиясының рөлі туралы жаңа құжаттардың табылғаны туралы хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 11, 2017 08:09 Asia/Almaty
  • 11-ші қыркүйек оқиғасындағы Сауд Арабиясының рөлі туралы жаңа құжаттар табылды

АҚШ басылымдарының бірі 11-ші қыркүйек оқиғасындағы Сауд Арабиясының рөлі туралы жаңа құжаттардың табылғаны туралы хабарлады.

 «Нью-Йорк пост» басылымы 11-ші қыркүйек лаңкестік оқиғасының 17-ші жылдығының қарсаңында: «Жаңа құжаттар АҚШ-тағы Сауд Арабиясы елшілігінің ұшақтарды ұрлау операцияларына қаржылай демеу көрсеткенін, саудиялық елшіліктің екі қызметкерінің сол операцияны іске асырғанын көрсетеді»,- деп жазды.

Осы мәлімет бойынша, ұшақтарды ұрлау операциясының жобасы 11-ші қыркүйек оқиғасынан екі жыл бұрын сынақтан өткізілген. Оны саудиялық елшіліктің екі қызметкері студент ретінде іске асырған.

Қолға түскен құжат Сауд Арабиясы елшілігінің екі қызметкерінің Феникс қаласынан Вашингтонға дейінгі сапарының қаржысын төлегенін, сапардың 11-ші қыркүйектегі ұшақтарды ұрлау операциясына ұқсас болғанын көрсетті.

«Нью-Йорк пост» АҚШ-тағы Сауд Арабиясы елшігінің екі қызметкері Мұхаммад әл-Қазаиин мен Хамдан әл-Шалавидың көптеген заңсыз әрекеттерге, соның ішінде ұшақ ұрлау сынағына  қатысуы мен Ауғанстандағы лаңкестік топтарға, әсіресе әл-Қаидаға қатысты болумен айыпталуын атады. Аталмыш басылымның жазуына сәйкес, бұл құжаттың АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд режимімен ерекше қарым-қатынас орнатқан қазіргі жағдайда табылуы өте маңызды.