Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы қарар бекітілді
https://itolqyn.com/news/world-i30673
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері пікірталастардан кейін АҚШ ұсынған Солтүстік Кореяға қарсы қарарды бекітті. Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы ұсынысқа бірауыздан оң дауыс берілді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 12, 2017 14:11 Asia/Almaty
  • Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы қарар бекітілді

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері пікірталастардан кейін АҚШ ұсынған Солтүстік Кореяға қарсы қарарды бекітті. Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту туралы ұсынысқа бірауыздан оң дауыс берілді.

Зымырандық сынақтар өткізіп, ядролық бағдарламасын ілгерілеткені үшін Солтүстік Кореяға қарсы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкцияларды күшейту туралы қарарынан кейін Ресей өкілі Солтүстік Кореямен дипломатиялық келіссөздер өткізуді талап етіп, бұл мәселеге немқұрайдылық танытудың Қауіпсіздік кеңесінің консесусын қатерге тірейтіні туралы ескерту жасады.