Түркия Ресейге С-400 зымырандық құрылғысын сатып алу үшін кепілақы төледі
(last modified Wed, 13 Sep 2017 14:06:05 GMT )
Қыр 13, 2017 20:06 Asia/Almaty
  • Түркия Ресейге С-400 зымырандық құрылғысын сатып алу үшін кепілақы төледі

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейге С-400 зымырандық құрылғысын сатып алу үшін кепілақы төленгені туралы хабарлады.

Түркия мен Ресей арасындағы құны 2 млрд 500 млн долларлық келісім екі елдің ең маңызды алғашқы қару-жарақ келісімі болып табылады. Түркия мен Ресейдің  қару-жарақ келісімі Батыстың, әсіресе АҚШ-тың ашу-ызасына себеп болды. Сарапшылар Түркия мен Ресей арасындағы қару-жарақ келісімін шынтуайтында Түркияның одақтастары осы елден сырт айналғаннан кейін Анкараның Мәскеумен саяси және стратегиялық одақ құру жолындағы талпынысы санайды.