Ереванда Иран-Армения-Еуропа экономикалық форумы өтті
Ереванның көрмелер орталығында ирандық, армениялық және еуропалық компаниялардың басшыларының қатысуымен Иран, Армения, Еуроодақтың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған форум өтті.
Армения Экономика министрінің орынбасары Роберт Арутюнян жұма күні өткен форумда үшжақты әріптестіктерді маңызды бағалап, Еуроодақ, Ереван мен Теһран арасындағы қарым-қатынасты дамыту қажеттігін қуаттады.
Иранның Инвестиция, экономикалық және техникалық көмектер ұйымының өкілі Акбар Қаһремани да Ирандағы инвестиция саласындағы мүмкіндіктерді Иран-Армения-Еуропа экономикалық форумына қатысушыларға таныстырды.
Еуроодақтың Еревандағы елшісі Петр Свитальски да осы форумда Еуроодақтың аймақта тауарлар мен өнеркәсіптік өнімдер контрабандасының алдын алу үшін бақылау жүргізу және Иранмен сауда-саттықты жеңілдету мақсатында Арменияның кеден орталықтарын жабдықтауды қолдайтынын мәлімдеді.
Форуммен бір мезгілде тараптар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Арменияда Еуропаның алғашқы сауда және инвестиция көрмесі ашылды.