Қыр 17, 2017 20:03 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Ресей басшылары Украина жайында сөйлеседі

Украина істері жөніндегі АҚШ өкілі келесі айда Ресей Президентінің көмекшісі Владислав Сурковпен кездесіп, Украина жағдайы туралы сөйлесетіндерін хабарлады.

Курт Волкер Киевте өткен конференцияда екі жақтың кездесуінің нақты уақытын мәлімдеместен, кездесудің бұдан бұрын қазан айында өтпек болғанын айтты.

ТАСС-тың Киевтен хабарлауы бойынша, оның Донецк және Луганск республикаларын аралау ықтималы туралы сұраққа бұл аймақтарды Киев қайтадан өз бақылауына алған кезде келетінін айтты.

Тамыздың 21 күні Минскте Сурков пен Волкердің бірінші кездесуі өтіп, Сурков кездесуді сындарлы деп бағалады.

 

 

Тегтер