БҰҰ-ның сессиясы аясында Лавров пен Тиллерсон кездесті
Ресей Сыртқы Істер Министрі Америка Мемлекеттік департаментінің хатшысымен кездесуде Сирия, Таяу Шығыс пен Украина мәселелері туралы сұхбаттасты.
Американың Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Хизер Нойерт Нью-Йорктегі БҰҰ бас ассамблеясының 72-ші сессиясы аясында Ресей СІМ Сергей Лавров пен Американың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның кездесуінде тараптардың Сирияда әскери қақтығыстар мен қатігездіктерді тоқтатып, Женева келіссөздері үдерісін ілгерілетуге жағдай жасауға келіскенін мәлімдеді.
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова да бұл кездесудің Сирия дағдарысы мен Таяу Шығыс мәселелері және Минск келісімі төңірегінде өткенін айтты.
Американың Мемлекеттік хатшысы мен Ресей СІМ-нің кездесуі екі ел арасындағы дипломатиялық кикілжіңдер артып, жуырда Вашингтон Ресейдегі Америка дипломаттарының санын азайтуға көрсеткен реакцияда Ресейдің Сан-Францискодағы консулдығы мен Вашингтон мен Нью-Йорктегі екі сауда өкілдігін жапқан жағдайда өтті.