Астана отырысының нәтижелері – Сириядағы "ан-Носрат" майданы мүшелерінің құзырын доғарудың бастамасы
(last modified Mon, 18 Sep 2017 12:42:22 GMT )
Қыр 18, 2017 18:42 Asia/Almaty
  • Астана отырысының нәтижелері – Сириядағы

Ливандық сарапшылар "Астана-6" отырысының маңызды жетістігін Сириядағы "ан-Носрат" майданы лаңкестерінің құзырын доғарудағы бастама деп атады.

Қазақстанның елордасы Астана қаласындағы Сирия туралы отырыстың алтыншы кезеңі қыркүйек айының 14-15 күндері Иран мен Түркия және Ресей елдерінің, Сирия мен Сирия үкіметінің қарулы наразылары өкілдерінің, сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистураның қатысуымен өтті. Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб облысында қақтығыстар азайтылған жаңа аймақ құру отырыстың маңызды жетістіктерінің бірі саналады. Ливанның стратегиялық мәселелер бойынша сарапшысы Тоуфиқ Шуман Сириядағы қақтығыстар азайтылған аймақтардың қатарына Идлиб облысын қосуды сол елдегі соғысты тоқтату бағытындағы оң қадам деп атап: «Астана отырысында бұл жайында келісімге қол жеткізу – Сирия дағдарысының саяси шешім жолы үдерісінің бастамасы » деді.