Әзірбайжан республикасы үкіметіне қарсы журналист сотталды
https://itolqyn.com/news/world-i30883-Әзірбайжан_республикасы_үкіметіне_қарсы_журналист_сотталды
Әзірбайжан республикасының үкіметін сынаған журналист 9 жылға сотталды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 18, 2017 19:44 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан республикасы үкіметіне қарсы журналист сотталды

Әзірбайжан республикасының үкіметін сынаған журналист 9 жылға сотталды.

Осы журналистің адвокаты өзінің қорғалушысының коррупциямен айыпталуын жалған, айыптаушылардың мақсатын сыншыларды басып-жаныштау үшін жасалған әрекет деп атады. Аймақтық бір сот Әзірбайжан республикасы басшыларының жемқорлығын әшкерелейтін интернет торабының негізін қалаушы әрі халықтық қарсылас партияның мүшесі Ильчин Исмаилиді билікті асыра пайдалану және жемқорлық айыбымен қылмыскер деп таныды.

Журналистің адвокаты Ильчин Садықов айыптарды негізсіз, үкімді заңсыз және істі толығымен жалған деп атап, қорғалушысының үкіметтегі қаржы жемқорлығын әшкерелегені үшін ұсталғанын мәлімдеді.