Салехи сионистік режимді АҚХА-не мүшелікке ендіру қажеттігін қуаттады
(last modified Mon, 18 Sep 2017 13:49:23 GMT )
Қыр 18, 2017 19:49 Asia/Almaty
  • Салехи сионистік режимді АҚХА-не мүшелікке ендіру қажеттігін қуаттады

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне мүше елдерді сионистік режимді осы ұйымға мүшелікке енгізуге мәжбүрлеуге шақырды.

Али Акбар Салехи Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің жыл сайынғы отырысында сөйлеген сөзінде: «Сионистік режим ядролық қаруға ие елдердің бірі ретінде Агенттікке мүшелікке өтуі тиіс. «Ортақ қадам» бағдарламасы Агенттікпен серіктестік жасау үшін тиімді мұрсат. Ядролық қарудан ада аймақ құру үшін негіз әзірлеуіміз керек. Бүгінде ИИР-ның Бушердегі барлық әрекеті Агенттік инспекторларының бақылауында. Осы нысанды дамытудың үкімет бекіткен барлық жобасы Агенттіктің бақылауымен жүзеге асырылып жатыр. Агенттікке мүше барлық елден ядролық әрекеттер туралы заңдардың барлық баптарына берік болуды сұраймын» деді. 

 

Тегтер