Өзбекстан Ресей мен Қазақстаннан 1 млн тонна мұнай сатып алады
Өзбекстанның "Өзбек мұнай-газ" акционерлік компаниясының басшысы: "Ташкент 2018 жылы өз мұнай өндеу зауыттарын қамтамасыз ету үшін Ресей мен Қазақстаннан 1 млн тоннаға дейін мұнай импорттауды жоспарлап отыр",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Өзбек мұнай-газ" акционерлік компаниясының басшысы Әлішер Сұлтанов: "Ташкент осы айда 30 мың тонна мұнай импорттауды жоспарлап отыр. Бұл көрсеткіш осы жылдың аяғына дейін 200 мың тоннаға артады. Бұл бағдарлама Өзбекстанның Қазақстанмен мұнай келісіміне қол қойып, Ресеймен осы салада ынтымақтастықты арттыру жөнінде кеңесіп жатқан жағдайда жасалып отыр.
Сынақ түрінде мұнай тасымалдау Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбырлары арқылы, кеййін темір жол тораптары арқылы Өзбекстанға жеткізіледі. Мұнай тасымалдау Ресейдің Энергетика министрлігі мен "Транснефть" компаниясы арқылы жүзеге асады деп жоспарланып отыр",-деді.
Бұдан бұрын "Транснефть" компаниясы басшысының орынбасары Сергей Андронов «Трубопроводный транспорт нефти» журналына берген сұхбатында Өзбекстан мен Қырғызстанға Қазақстан жері арқылы жылына 500 мың тонна көлемінде мұнай тасымалдау мүмкіндігін растаған болатын.