Рухани: Мұсылмандарды қырып-жоюды тоқтату үшін Мьянма үкіметіне қысым жасау қажет
https://itolqyn.com/news/world-i30929
ИИР-ның Президенті Мьянма мұсылмандары жағдайының аянышты екенін айтып: "Мұсылмандарды қырып-жою мен оларға қарсы қатыгездік әрекеттерді тоқтату үшін Мьянма үкіметіне қысым жасау керек",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 20, 2017 11:52 Asia/Almaty
  • Рухани: Мұсылмандарды қырып-жоюды тоқтату үшін Мьянма үкіметіне қысым жасау қажет

ИИР-ның Президенті Мьянма мұсылмандары жағдайының аянышты екенін айтып: "Мұсылмандарды қырып-жою мен оларға қарсы қатыгездік әрекеттерді тоқтату үшін Мьянма үкіметіне қысым жасау керек",-деді.

ИИР-ның Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні кешке Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясындағы Швеция Премьер-министрі Стефан Левенмен кездесуінде Мьянма мұсылмандарының ауыр жағдайын баяндап: "Мьянма мұсылмандарына қарсы антигуманистік қысымдарды тоқтату мен босқындарға көмек көрсету ісіне Еуроодақтың атсалысуы өте маңызды",-деді.

ИИР-ның Президенті Йемен тақырыбы мен Арабстанның шабуылдары салдарынан осы ел халқының мыңдаған адамының босып кеткеніне тоқталып, Йеменде тез арада атысты тоқтату бітімі орнап, йемендік топтар арасында келіссөздердің басталатындығына үміт білдірді.

Швеция Премьер-министрі Стефан Левен бұл кездесуде Мьянма мұсылмандарының жағдайын трагедия деп атап, Швецияның бұл салада қолынан келген көмегін көрсететінін мәлімдеді.

Рухани Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясындағы кеңесулерінің жалғасында Аустрия Президенті Александр Ван дер Белленмен кездесіп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ынтымақтастықты кеңейтудегі рөліне тоқталып, «Ортақ қадам" бағдарламасының толыққанды орындалуын Еуроодақ пен аймақтың мүддесіне сай деп бағалады.

Аустрия Президенті Александр Ван дер Беллен де Теһран мен Вена арасында барлық салалар бойынша ынтымақтастықтардың кеңеюіне мүдделік танытты.