Нетаньяху: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы өзгертілуі немесе күші жойылуы керек
(last modified Wed, 20 Sep 2017 08:48:47 GMT )
Қыр 20, 2017 14:48 Asia/Almaty
  • Нетаньяху: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы өзгертілуі немесе күші жойылуы керек

Сионистік режимнің преьмер-министрі БҰҰ Бас ассамблеясында ИИР-на қарсы уәждерін қайталап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын өзгертуді немесе оның күшін жоюды талап етті.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бениамин Нетаньяху сейсенбі күні әрқашан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу туралы уәж айтатын АҚШ Президентіне қосылып, бұл халықаралық келісімді ұятты келісім деп атады.

Сионистік режимнің премьер-министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген өрескел сөзін қолдап: «Израильдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты  ұстанымы анық. Бұл келісімге өзгеріс енгізілуі немесе күші жойылуы керек»,- деді. 

Нетаньяху сондай-ақ сионистік режимнің сан рет ДАИШ пен Джебхат ан-Носратты қолдау үшін Сирия армиясының позицияларын нысанаға алғанына тоқталмастан, ИИР-ын лаңкестіктің қолдаушысы деп айыптады.