Рухани: Сауд Арабиясы Йеменге шабуылын тоқтатуы керек
https://itolqyn.com/news/world-i30941
ИИР Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йемендегі әрекеттерін, нақты айтқанда бұл елдің халқын бомбалауын халықаралық заңдар мен адамгершілік принциптерге қайшы деп атап, Йеменнің жазықсыз халқын қыруды ақтайтын тақырып емес деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 20, 2017 14:57 Asia/Almaty
  •  Рухани: Сауд Арабиясы Йеменге шабуылын тоқтатуы керек

ИИР Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йемендегі әрекеттерін, нақты айтқанда бұл елдің халқын бомбалауын халықаралық заңдар мен адамгершілік принциптерге қайшы деп атап, Йеменнің жазықсыз халқын қыруды ақтайтын тақырып емес деді.

Хасан Рухани  сейсенбі күні АҚШ-тың ақпарат құралдарының басшылары және журналистерімен кездесуінде: «ИИР-ның пікірінше Йеменге қарсы шабуылдар тоқтатылып, бұл елге гуманитарлық көмектер жіберіліп, халық өздерінің келешегі туралы шешім қабылдау үшін йемендік топтар арасында келіссөздер басталуы керек»,- деді.

Рухани Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумға қатысты айтқан сөзінде: «Бұл референдум Ирак пен аймақтың қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қатерге тірейді»,- деді.

ИИР Президенті аймақтың географиялық шекараларының өзгермеуі қажеттігін қуаттап: «Бұл әрекет соңы белгісіз қайшылықтарға себеп болуы мүмкін»,- деп қуаттады.