БҰҰ мен ИЫҰ Мьянма мұсылмандарының апатты жағдайына қатысты тұшымды жауап беруі тиіс
ИИР-ның президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Нью-Йоркте Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Мьянма тобының отырысында рохинья мұсылмандарының басты құқықтарының экстремистердің қолдауымен бұзылып жатқанына көңіл аударылмай отырғанын қуаттап, БҰҰ мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымынан Мьянма мұсылмандары қоғамының апатты жағдайына жауап беруді талап етіп:
«Мьянма үкіметінің халықты өз жерінен шығарып, басқа елдерде босқынға айналдыруы бұл елдің мәселесін шешпейді. Мьянма үкіметі елдің мұсылман қоғамының азаматтық құқықтарын қайтаруы керек»,- деді.
Рухани Иранның әрқашан Мьянманың езілген мұсылман халқына көмектесуге дайын екенін қуаттап: «ИИР адам құқықтарын құрметтеп, Мьянмадағы мұсылмандардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін кез келген шешім жолын қолдайды»,- деп мәлімдеді.