Зариф Трамптың Иранға қарсы сөзіне реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i30945
ИИР Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас ассамблеясындағы АҚШ Президенті Дональд Трамптың дипломатияға қайшы сөздеріне реакция білдіріп: «Трамптың сөздерінің құнсыз әрі мағынасыз болғаны соншама, оған жауап беруге де тұрмайды»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 20, 2017 15:45 Asia/Almaty
  • Зариф Трамптың Иранға қарсы сөзіне реакция білдірді

ИИР Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас ассамблеясындағы АҚШ Президенті Дональд Трамптың дипломатияға қайшы сөздеріне реакция білдіріп: «Трамптың сөздерінің құнсыз әрі мағынасыз болғаны соншама, оған жауап беруге де тұрмайды»,- деді.

АҚШ Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының 72-ші сессиясында сөйлеген сөзінде аймақтағы  лаңкестерге қарсы күрестің негізгі күштерінің бірі болып отырған ИИР-н  лаңкестікті қолдайды деп айыптады.

Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты Иранға қарсы құнсыз сөздері екі мәселені көрсетеді: біріншіден, бұл сөздер АҚШ Президентінің қисынсыздығын білдіреді. Алайда, оның бұл қылығы күтпеген жайт емес. АҚШ бұдан бұрын да көптеген мәселелерде халықаралық қоғамның шешімдеріне табанды емес екенін көрсеткен болатын. АҚШ өзгерістер үдерісінің өз мүддесіне сай емес екенін көрген кезде халықаралық қоғамның жігеріне қарсы шығып, ортақ жолдан ауытқып кетеді. АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қисынсыз қатынасы билік басына Трамп келгеннен бері байқалды.

Трамптың сөзінің келесі мәселесі  шындықтан алшақ болуында. АҚШ басшылары еш уақытта халықаралық қоғамның мәселелерін шешпегенін қабылдағысы келмейді. Негізінде, АҚШ – дағдарыстар, соғыстар мен әртүрлі қиындықтардың негізгі себепкері. Иран Сыртқы істер министрі  айтқандай, «Трамптың құнсыз сөздері АҚШ үкіметінің қылмыскер сионистік режим мен аймақтағы диктатуралық режимдерді қолдауы, сонымен қатар, лаңкестік топтарды құрып, оларды күшейтуі әлемдіктердің АҚШ үкіметіне сенімсіздік білдіріп, оны оқшаулаудан басқа нәтижеге жеткізбейді».

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы да бұл қағидадан тысқары емес. АҚШ өз іс-әрекетімен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды емес екенін көрсетуге талпынып, әр жерде, соның ішінде БҰҰ Бас ассамблеясында Трамптың сөздері арқылы көрсетуде. АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама АҚШ-ты аймақ мәселелерін шешу саласындағы тұйықтан шығару үшін қол қойған келісім – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Трамп ең жаман келісім деп атап отыр. Трамп, тіпті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуының халықаралық қоғамдағы АҚШ-тың жағдайын әлсірететінін түсінбей отыр.

Иран Президенті Хасан Рухани Нью-Йоркте АҚШ-тың сыртқы саясаты саласындағы тұлғаларының бір тобымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Егер халықаралық келісімдер бір адамның шешімімен бұзылатын болса, бұл әлемді талан-тараж, зорлық-зомбылық  және әскери билікке шақыру дегенді білдіреді»,- деп баса айтты.