Әзірбайжан Республикасында "Ислам" партиясының құрылуының жылдығын өткізуге кедергі жасалды
(last modified Wed, 20 Sep 2017 15:10:11 GMT )
Қыр 20, 2017 21:10 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан Республикасында

Әзірбайжан Республикасының қауіпсіздік күштері осы елде "Ислам" партиясының жиырма бес жылдығын тойлау рәсімін өткізуге кедергі жасады.

Қауіпсіздік күштері Бакуде қатаң шара қолданып, "Ислам" партиясының жиырма бес жылдығын атап өту рәсімін өткізуге кедергі жасады. Әзірбайжан Республикасының "Ислам" партиясы төрағасының орынбасары қажы Ильхам Әлиев: "Үкіметтің "Ислам" партиясының құрылған күнінің жылдығын өткізуге кедергі келтіруі ешбір заңға сай келмейді, тіпті "Ислам бірлігі" жылын өткізумен еш үйлеспейді",-деді.