Ресей Трамптың "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы ұстанымын қабылдамады
Қыр 20, 2017 21:21 Asia/Almaty
Ресейдің Сыртқы істер министрі АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы ұстанымын қабылдауға келмейтін, алаңдатарлық позиция деп атады.
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесуінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранмен ядролық келісімге қатысты сөйлеген сөзін қатаң сынап: «Мәскеу Иранның барлық міндеттемелерін абыроймен орындап отырғанын сан рет жариялаған АҚХА-ның кәсіби бағалауын негізге алады. Ресей әлемдік қауымдастық қуана қабылдаған "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен Иран мен «алтылық» елдері арасындағы ядролық келісімді қорғайды»,-деді.
Тегтер