Ресей Трамптың "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы ұстанымын қабылдамады
https://itolqyn.com/news/world-i30959
Ресейдің Сыртқы істер министрі АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы ұстанымын қабылдауға келмейтін, алаңдатарлық позиция деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 20, 2017 21:21 Asia/Almaty
  • Ресей Трамптың

Ресейдің Сыртқы істер министрі АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы ұстанымын қабылдауға келмейтін, алаңдатарлық позиция деп атады.

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен  кездесуінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранмен ядролық келісімге қатысты сөйлеген сөзін қатаң сынап:  «Мәскеу Иранның  барлық міндеттемелерін абыроймен орындап отырғанын сан рет жариялаған АҚХА-ның кәсіби бағалауын негізге алады. Ресей әлемдік қауымдастық қуана қабылдаған "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен Иран мен «алтылық» елдері арасындағы ядролық келісімді қорғайды»,-деді.